- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы ЭКСПО-ның қандай технологиялары енгізілетіні туралы Қанат Бозымбаев айтып берді
2018 жылы ЭКСПО-ның қандай технологиялары енгізілетіні туралы Қанат Бозымбаев айтып берді
Қанат Бозымбаев есеп бергендей, энергетика министрлігінің сараптамалық жұмыс тобы төрт бағыт бойынша «Экспо» көрмесінің шетелдік павильондарында көрсетілген 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеді.
«Бұл тізім ұлттық және жекеменшік компанияларға, сондай-ақ әкімдіктерге технологияларды қарастыру және іріктеу үшін жіберілді. Бұдан өзге, барынша ақпараттандыру мақсатында технологиялар тізімі байланыс ақпараттарымен қоса Энергетика министрлігінің сайтында жарияланды», - деді министр.
Министрдің айтуынша, Әкімдіктер қазіргі уақытта енгізу үшін 40 технологияны іріктеп алды, оның төртеуі 2018 жылы енгізіледі.
«Ұлттық компаниялар енгізу мақсатында 15 технологияны іріктеп алды, оның екеуі 2018 жылы енгізіледі. Энергияны үнемдеу, суды тазарту, «ақылды желілер» және кәсіпорындарда ЖЭК пайдалану бойынша технологиялар таңдалған», - деп атап өтті энергетика министрі.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мұнай және газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндиядан 7 технология анықталды.
«Қостанай облысы әкімдігі «СГК-510 газ талдау қондырғысы» неміс технологиясын 2018 жылы енгізуді жоспарлауда. Осы технологияны енгізу арқылы газды тұтыну азаяды, бұл жылына 40 млн теңгеге жуық үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді Қанат Бозымбаев.
Министр толықтырып кеткендей, «электр энергетикасы» бағыты бойынша 35 технология анықталды, оның ішінде әкімдіктер 26 технологияны таңдады.
«Ұялы телефондарға арналған тегін қуаттаудың автономдық станциялары» қытайлық технологиясы, ол 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысында енгізіледі. Бұл технология тұтынылған электр энергиясына жұмсалатын шығындарды және қоршаған ортаға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әкімдік қытайлық Shenzhen компаниясымен жабдықтарды жеткізу туралы келісімге келді. Ал, «экология» бағыты бойынша әкімдіктер тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту, ауа сапасын бақылау және қалдықтарды басқару саласында 10 технологияны таңдады», - деп түйіндеді ведомство басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Валютаны реттеу және валютаны бақылау мәселелері жөніндегі заң жобасын» таныстырды.
Бұдан басқа, Үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart City тұжырымдамасы Қазақстанның бес ірі қаласында жүзеге асырылатыны туралы хабарлады.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады