• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі мен Қырғызстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі мен Қырғызстан Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

26 Желтоқсан, 2017 15:54
Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және өңірлік әрі шекара бойындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Бақытжан Сағынтаев осы сәтті пайдаланып, Сооронбай Жээнбековты Қырғызстандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Кездесу барысында кеше Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков арасында жасалған келісімдерді жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы аясында іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Биыл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға өсіп, $598 млн құрады.

Қазіргі таңда екіжақты экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының 10 оперативті шарасы жүзеге асырылып, жыл соңына дейін 13 іс-шараны орындау қарастырылған. Картаның қалған тармақтары бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы жұмыстар жалғастырылып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар