- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының оқушысы eGov порталының 7-миллионыншы пайдаланушысы атанды
Ақтөбе облысының оқушысы eGov порталының 7-миллионыншы пайдаланушысы атанды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері Нұрқанатты компания үшін маңызды сәтпен құттықтады.
Нұрқанаттың айтуы бойынша, ол ең алғашқы жеке куәлігін алған кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, eGov.kz порталында тіркелген екен. Болашақта Нұрқанат электрондық үкімет порталын жиі пайданалып, мемлекеттік қызметтер мен түрлі анықтамаларды онлайн түрде алуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта eGov.kz және е-лицензиялау порталдарының көмегімен азаматтарға 452 электрондық қызмет, сервистер пен төлемдер қолжетімді. Портал іске қосылған сәттен бері отандастарымызға 192,3 млн. рет электрондық қызметтер көрсетілген.
2017 жылы елімізде мемлекеттік қызметтерді интернет желісі арқылы алуға азаматтармен 29 014 586 рет өтініш берілген.
Порталдың пайдаланушыларының сұранысына ие қызметтерге келесі қызмет түрлері жатады:Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру (2017 жылдың 11 айында 1 152 074 өтінім); некеге тұру (2017 жылдың 11 айында 66 255 өтінім);заңды тұлғаны тіркеу (2017 жылдың 11 айында 25 958 өтінім);несие тарихы туралы ақпарат алу(2017 жылдың 11 айында 225 405 өтінім); «Балабақша кезегіне тұру» қызметі (2017 жылдың 11 айында 92 171 өтінім);Жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы анықтама алу (2017 жылдың 11 айында 76 454 өтінім).
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үшін Электрондық цифрлық қолтаңбаны ең алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу керектігін естеріңізге саламыз.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді