- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметі валютаны реттеу саласындағы заң жобасын мақұлдады
Үкіметі валютаны реттеу саласындағы заң жобасын мақұлдады
«Заң жобасының басты міндеті – валюталық операциялардың статистикалық мониторингін қамтуды кеңейту және Қазақстан аумағында шетел валютасын пайдалануды қысқарту. Аталған нормаларды іске асыру валюталық операциялар туралы ақпаратты таратуды ұлғайтады, валюталық бақылаудың тиімділігін арттырады, оның ішінде елден ақша қаражатын шығаруға қарсы әрекеттердің тиімділігін арттыруға жол ашады», — деді Данияр Ақышев.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы негізгі өзгерістер ретінде мыналарды атап өтті: шетелдік ұйымдардың бөлімшелерін резидент ретінде тану; трансшекаралық сипаттағы валюталық операциялардың ауқымын кеңейту; капиталды шығаруға бағытталған операциялар бойынша валютаны бақылауды күшейту, сондай-ақ Қазақстан аумағында валюталық құндылықтардың айналымын түсіндіру және резиденттер арасында рұқсат етілген валюталық операциялардың тізбесін анықтау. Сонымен қатар Данияр Ақышев заң жобасында либералдық валюталық режимнің қағидаларын сақтау қарастырылғанын атап өтті.
«Ешқандай қаталдандыру жоқ, бұл шарттарды қаталдандырумен ешқандай байланысы жоқ жоспарлы заң жобасы», — деп түсіндірді Үкімет отырысының қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Ұлттық банкі төрағасы.
Данияр Ақышевтің айтуынша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінен кейін бөлімшелер мен өкілдіктер санының ұлғаюы күтіледі, бұл ел ішінде шетел валютасындағы төлемдердің ұлғаюына әкеледі, ол ұлттық мүдделерге сәйкес келмейді.
«Осыған байланысты қазақстандық контрагентпен шетелдік ұйымдар бөлімшелерінің есептерін теңгеге аудару ұсынылады. Сонымен бірге осы заңның енгізілуіне дейін қол қойылған шарттарға қатысты жағдайдың нашарлауына еш себеп жоқ», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ақбота Күзекбай
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар