• Басты
  • Smart City тұжырымдамасы Қазақстанның бес ірі қаласында жүзеге асырылады
26 Желтоқсан, 2017 13:01

Smart City тұжырымдамасы Қазақстанның бес ірі қаласында жүзеге асырылады

Smart City тұжырымдамасы Қазақстанның бес ірі қаласында жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Smart City тұжырымдамасы Қазақстанның бес ірі қаласында жүзеге асырылады | Strategy2050.kz

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – еліміздің бес ірі қаласында – Smart Astana, Smart Karagandy, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe секілді Smart City-ді дамыту», — деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев атап өткендей, Smart City тұжырымдамасы барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Smart City миссиясының негізі — адам және оның қажеттіліктері. Ақылды қаланың негізгі сипаттамалары — жайлылық, қауіпсіздік, тиімділік және қоршаған ортаға зиянды төмендету.

Аталған жобалардың басты орындаушылары – өңірлер әкімдіктері.

«Ақылды қаланы» дамыту тұрғысынан олардың жұмысының негізгі басымдықтары: өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсарту; электронды түрдегі мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту; Қазақстан аймақтарының Smart сity халықаралық рейтингтеріне кіруі; ЖАО архитектурасын дамыту; Smart city тұжырымдамасына сәйкес бастамалық жобаларды іске асыру; G2G, B2B және G2B сегменттерінде қағазсыз өзара әрекеттестікті ынталандыру.

Министр мемлекеттік бағдарлама аясында «ақылды қалалардың» типтік тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті. Онда интернет заттар, жасанды зерде және т. б. секілді алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын жобалардың тізімі келтірілген. Сондай-ақ, құжат Smart City технологияларын енгізудің негізгі қағидаларын, тәсілдерін, мақсаттарын, басымдықтары мен міндеттерін анықтайды.

«Жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ақпараттандырудың сервистік моделі, бюджеттік қаржыландыру және жеке инвестициялар шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар жобаларды бенчмаркингті пайдалану, яғни үздік әлемдік және отандық тәжірибеге бағдарлау арқылы жүзеге асыру жоспарланған», — деді Дәурен Абаев.

Халықаралық стандарттарға сүйене отырып, Қазақстанда Smart City саласындағы ұлттық стандарттар әзірленіп, бекітілді. Олар энергия үнемдеу, ТКШ, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық шешімдер есебінен, қауіпсіздік пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қоса алғанда, қалалық процестерді орталықтандырылған басқарудың түбегейлі жаңа мүмкіндіктерін, біртұтас талаптарды реттейді.

Ақпарат және коммуникациялар министрінің айтуынша, «Collaborative Innovation» негізгі тетік болады — мемлекеттік органдардың жекеменшік ұйымдармен өзара іс-қимыл форматы, оның аясында біртіндеп жаңа жетілдірілген шешімдер, тәсілдер және НҚА қажетті өзгерістер әзірленеді.

«Бұл тұжырымдама Smart City-ді енгізу деңгейіне байланысты қалаларды бағалау жұмыстарын жүргізуді ұсынатынын атап өтті. Соның нəтижесінде, бағалаудың тиісті шкаласы бар кесте түріндегі енгізу дәрежесінің картасы әзірленеді. Әр салаға ҚР стандарттарының индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкес негізделген баға беріледі», - деді министр.

Ақбота Күзекбай 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды