- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Ирландиямен қосарланған салықты жою жөніндегі заң жобасы қаралды
Сенатта Ирландиямен қосарланған салықты жою жөніндегі заң жобасы қаралды
2017 жылғы 26 сәуірде Астанада қол қойылған Конвенция Қазақстан мен Ирландия арасында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.
Конвенция екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге бір рет – уағдаласушы мемлекеттің бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Екінші мемлекет төленген салық сомасына есепке жатқызуды береді немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетте салық салу жүргізілген табыстың бөлігін алып тастайды.
Конвенцияда оларға сәйкес дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте салық салынуы мүмкін ережелер көзделген. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру