- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бозымбаев: Тұтынушылар толықтай электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген
Қ.Бозымбаев: Тұтынушылар толықтай электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген
«Қазақстанның энергетикалық жүйесі тұрақты режимде жұмыс істейді, тұтынушылар электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілген.Қыркүйектің 5-інде өткен Үкімет отырысында жасалған ескертулерді жою үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыс жүргізді. Биылғы жылы жоспарланған, электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарының барлығы дерлік аяқталды. 8 блок, 87 кател және 35 турбина, сондай-ақ 24,2 мың км қуат тарату желілері жөндеуден өткізілді», - деді министр.
Сонымен қатар, Қанат Бозымбаевтың айтуынша, кейбір өңірлерде әлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Мәселен, 2015 жылы басталған Шардара СЭС-дегі екі гидроагрегаттың жаңғыртуы аяқталған жоқ. Осыған байланысты, судың ағып кетпеуі гидроэлектр стансасында жүзеге асырылады. Жұмыстың аяқталуы тек келесі жылға жоспарланған.Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына қосымша шаралар қабылдау қажет», - деді ҚР Энергетика министрлігінің басшысы.
Министрдің айтуынша,бекітілген стандарттарға сәйкес келетін электр станцияларының жанармай қоймаларында 4,3 миллион тоннадан астам көмір және 111 мың тонна мазут жинақталған. Аудандағы жылыту аймағында көмір қоры 792,4 мың тоннаны құрайды.
«Биылғы жылы жылу беру маусымының басынан бастап, сыртқы температураның төмендеуімен жылу желілерін пайдалануда жылу кестесін сақтамаудың 37 фактісі байқалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе аз. 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап біртұтас электр энергетикалық жүйесі аса маңызды технологиялық бұзылуларсыз жұмыс істейді», - деді Бозымбаев.
Министр сондай-ақ, әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес,Энергетика министрлігі 2017-2018 жылғы күзгі-қысқы кезеңге арналған 312 мыңтонна көлемінде әлеуметтік және өндірістік нысандарға мазут жеткізуді қамтамасыз ететін өңірлердің кестесін бекітті.
Ақбота Күзекбай
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы