- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада 230 пәтер пайдалануға берілді
Қызылордада 230 пәтер пайдалануға берілді
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пәтер иелерін келе жатқан Жаңа 2018 жыл мен қоныс тойларымен құттықтады.
«Алаштың анасы - Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Биылдың өзінде 61 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 957 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 мың 14 пәтерлі 37 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бүгінге дейін соның ішінен 34 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, ал енді тағы да 230 отбасы жайлы да, жарық баспаналы болды. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, баланың күміс күлкісіне бөленсін», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, бүгін 3 бөлмелі пәтердің кілтін алған жеке кәсіпкер, 3 баланың әкесі Руслан Арыстанбеков жаңа үй тұрғындарының атынан алғысын білдірді.
«Бүгін барлығымыздың арманымыз орындалды деп ойлаймын. Аймақ басшылығына зор алғысымды білдіремін. Осы үйлерді салған құрылысшыларға да көп рахмет», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Демесінов көшесінен құны 2 млрд. 637 млн. теңгені құрайтын, жалпы ауданы 15,6 мың шаршы метр болатын 230 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы салынды. Құрылыстың бас мердігері - «Бақ-Береке-2030» ЖШС.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады