- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 100 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылды
Астанада 100 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылды
Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдаумен қамтылғандар саны 110 мыңнан астам, соның ішінде 80 200 зейнеткер, 107-і Екінші дүние жүзілік соғысының ардагері, 23 069 – мүмкіндігі шектеулі жандар, 4 379 – мүгедек балалар, 9 234 – көп балалы отбасыдан шыққандар. Сонымен қатар, 4 316 – көпбалалы ана «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен наградталған және 3 515 – аз қамтылған азаматтар.
Аталған тұлғалар санаты қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Сондай-ақ, зейнеткерлерге тіс салу және ауыз қуысын емдеуге, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратындар қатты отын сатып алу үшін 8 АЕК мөлшерінде өтемақымен қамтамасыз етілген.
Соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу, коммуналдық қызметтер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік түріндегі көмектер көрсетіледі.
Сонымен қатар, қарттарға, мүгедектер мен мүгедек балаларға экологиялық таза орман алқабы Бурабай курорттық аймағында, Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан санаторий-курорттық емдеуге арналған оңалту орталығына жолдамалар беріледі.
Айта кету керек, бұл қызмет соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге, мүгедек балаларға тегін, ал зейнеткерлер мен басқа да санаттағыларға жеңілдік негізінде беріледі.
Осы қызмет түрін алушыларға бес уақыт тамақ, емдеу-сауықтыру және мәдени іс-шаралар ұсынылады.
Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуына, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында «Астана рухы күшті адамдар» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Деректер базасына сәйкес, елордада 23 069 мүмкіндігі шектеулі тұлға бар, оның ішінде 4 379-ы – балалар.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары