- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстауда жел және күн электр станциясы салынады
Маңғыстауда жел және күн электр станциясы салынады
Маңғыстау облысында 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде. Облыс бойынша 373 білім нысаны, 95 денсаулық сақтау мекемелері, 140 әлеуметтік нысан және 1571 тұрғын үй қорына жылу берілген.
Бүгінгі күні «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС №1 жылу электр стансасының энергетикалық блогын жөндеу мәселесі бойынша ротор жеткізіліп, кәсіпорын отындық мазуттың 100% немесе 26 151 тонна көлеміндегі апаттық қорын жинақтаған.
«Аймақта коммуналдық қызметтерге қарыздарды өндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қарыз 2,1 млрд.теңгеден 1,6 млрд.теңгеге төмендеген»,-деді Сапар Аманбеков.
Сала басшысы жылыту маусымының сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында аудан және қала әкімдеріне келесі жұмыстарды жүргізу қажеттігін айтты.
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында қуаттылығы 5 МВт жел электр стансасының және Мұнайлы ауданының Батыр селосында қуаттылығы 7 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жоба 2018 жылдың 1 тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Маңғыстау ауданының Шетпе селосында қуаттылығы 12 МВт күн электр стансасының құрылысы басталған. Жылы пайдалануға беріледі деп көзделген.
Аталған жобаларда Германия және Қытай Халық Республикасының жаңартылатын энергия көздері саласындағы соңғы жетістіктердегі технологиялары енгізілуде.
Сонымен қатар, облысымызды сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытының құрылысы» және «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жобалары жүзеге асырылатын болады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы