• Басты
  • Жаңалықтар
  • Біз қазақстандықтарды қаржыларын акцияларға салуға үйретеміз – Н.Назарбаев

Біз қазақстандықтарды қаржыларын акцияларға салуға үйретеміз – Н.Назарбаев

25 Желтоқсан, 2017 22:21
Біз қазақстандықтарды қаржысынакцияға салып дивидендтер алуға және осы іспен баюға үйретеміз. Бұл туралы ҚРПрезиденті қазақстандық журналистермен сұхбатында хабарлады.

ҚР Президенті атап өткендей, АХҚО құру барысында  Лондон, Шанхай, Гонконг, Дубай сынды қаржы орталықтарының тәжірибесі зерттелді. Бізге ағылшын құқығы жұмыс істейтін және барлығы ағылшын тілінде жүргізілетін Дубай қаржы  орталығының тәжірибесі жақын болды. Осы ретте, Қазақстан Дубайдың барлық  тәжірибесін зерттеп, өзіне сіңірді.

«Қаржысын салып отырған адамдар олардың қайта қайтарылатынына сенімді болуы керек. Сот жүйесіне сенуі керек. Әлемдік арбитраждық сотқа бармай осында шешілуі керек. Мұнда ағылшын құқығы, ағылшын соты. Қаржы құюға болады. Қуантарлығы  АХҚО біздің аймақта жалғыз, ол Ресейде де жоқ. Мұнда барлық банктер болады. Бүгінде әлемдік, еуропалық, азиялық, исламдық банктермен келісімдер жасалды,олардың барлығы осында өз кеңселерін ұстайтын болады. Олар бізге қаржы құяды,құрылысқа инвестиция салатын болады. Түрлі қаржы құралдары пайдаланылатын  болады және де ол жеке биржа ашуға мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев. 

Мемлекте басшысы атап өткендей, жақын арада қазақстандықтар биржаға қаржысалуға және одан дивиденд алуға үйренеді. 

«Әзірге қазақстандықтар биржаның не екенін білмейді. Алайда акциялармен жұмыс істейа  лады. Америкалық халықтың  70% -ның  акциялары бар және олар одан қосымша табыс  табады. Біз қазақстандықтарды акцияға қаржы салуға, одан дивиденд алуға және де  осылайша баюға үйретеміз. Барлығы бағдарламалар  шеңберінде жүзеге асырылуда», - деп сендірді ҚР Президенті.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар