• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті латын әліпбиі туралы – әліпбиді толық енгізу үшін әлі де уақыт бар

ҚР Президенті латын әліпбиі туралы – әліпбиді толық енгізу үшін әлі де уақыт бар

25 Желтоқсан, 2017 22:38
Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне қалай дұрыс көшіру керек туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ журналистеріне берген сұхбатында кеңінен айтып берді. Сұхбат республикалық арналардың эфирінде көрсетілуде.

«Біз ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жасақтадық. Аз уақытта біз нақты ұсыныстар бердік. Бүгінде солар бойынша жұмыс істеудеміз. Бірінші кезекте  – қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшіру. Қоғам қайраткерлерінің, филологтар мен тарихшылардың және халықтың пікірін тыңдап, бір шешімге келдік. Әліпбидің соңғы жобасы ыңғайлырақ. Алайда әліпбиді енгізуге және онымен жұмыс істеуге әлі де уақыт бар. Сондықтан да оны нақты бекітілген әліпби деп қабылдаудың қажеті жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

 Осы ретте, Нұрсұлтан Назарбаев хабарлағандай, қаріп ыңғайлы болу керек.

«Мен білемін кейбіреулер апострафтар дұрыс па немесе қосарланған әріптер қажет пе деп сұрап жатады. Менің ойымша компьютерлік қаріпке қарай ыңғайлау керек, компьютерлік графиканы ауыстырмас үшін жағдай жасау керек. Менің есептеуімші ағымдағы жоба дұрыс», - деп түсіндірді ҚР Президенті.  
 

Н. Назарбаев атап өткендей, кириллица өз жұмысын жалғастыратын болады.

«Бізде бірінші сыныптан бастап барлық мектептерде үш тіл – қазақ, орыс және ағылшын тілі оқытылады. Мен айтып кеткендей, 2025 жылға қарай барлық түлектер үш тілді бірдей меңгеріп шығады. Барлық мектептерде бірінші сыныптан ағылшын тілі үйретіледі, балалар оны латын әіпбиінде меңгереді. Демек балардың бұл тұрғыда ешқандай проблемасы болмайды», - деп есептейді Нұсұлтан Назарбаев.  

Сонымен қатар, ҚР Президенті «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «100 жаңа кітап» сынды жобалар туралы айтып берді.

  
Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар