Астана жыл сайын ел бюджетіне 1 трлн теңге түсіреді – Н.Назарбаев

25 Желтоқсан, 2017 22:09
Қазақстанның елордасы Астана мемлекет бюджетін 1 трлн теңгеге толықтырады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистермен сұхбатында хабарлады.

«Бүгінде Астана қаласы жыл сайын ел бюджетіне 1 трлн теңге алып келеді. Біз мемлекетімізді бір қалаға байыттық. Біз негізгі қор деп  жылжымайтын мүлікті   айтамыз . Міне, капитал деген осы» - деді ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде астаналықтардың саны 4 есеге артқан. Қазір  елордада милионнан астам адам тұрып жатыр.

«Менің ойымша 2025-2030 жылдары мұнда екі млн адам өмір сүретін болады. Негізі мен әкімшілік қаласын құруды көздеген болатынмын, яғни 500-550 мың ғана халқы бар, шенеуніктері тыныш жерде кедергісіз жұмыс істейтіндей. Алайда, қалай қала тұрғыза бастайсың ол өз өміріне өзі иелік ете бастайды және оны өзгерту мүмкін емес», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
 

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар