Парламент пен Үкіметтің рөлі айтарлықтай артты – Нұрсұлтан Назарбаев

25 Желтоқсан, 2017 21:52
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық арналарда көресетіліп жатқан қазақстандық БАҚ өкілдерімен сұхбатында не себепті бірқатар өкілеттілігін Парламент пен Үкіметке өткізгені туралы айтып берді.

«Конституция 1995 жылы қабылданды, 22 жыл өтті. Жылдам дамып жатқан әлемде бұл шынымен де  бір дәуір. Және де біздің заңдар, оның ішінде Ата заңда өзгеріссіз қала алмайды. Уақытпен бірге ол да өзгеруі керек. Бұл алғашқы өзгертулер емес, біз бұған дейін де заман талабына қарай   өзгертулер енгізіп отырдық. Барлығы дамуда. Менің есептеуімше, билік өкілеттілігін бөлу бойынша үлкен қадам жасадық», - деді Мемлекет басшысы.  

Сонымен, бүгінде заң бойынша Президенттің құзыретінде болған 35 өкілеттілік Парламент пен Үкіметке өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Парламент пен Үкіметтің рөлі айтарлықтай артты.

«Осылайша Үкіметке нақты істер бойынша жауапкершілік пен өкілеттілік берілді. Ал, Парламентке заң шығаратын орган ретінде заңнаманың орындалуын қадағалауға көбірек құқық бердік, біздің жасағанымыз дұрыс. Көп іс атқардық па, аз ба оны уақыт көрсетеді. Әр мемлекеттің, әр елдің өзінің тарихы, өмірі мен мәдениеті бар. Сондықтан да біз  дұрыс деп есептегенімізді істейміз. Бастысы бізді қазастандық халық қолдап отыр», - деді ҚР Президенті. 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар