• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков талқылаған мәселелер

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков талқылаған мәселелер

25 Желтоқсан, 2017 18:59
Ақордада Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен журналистерге арналған баспасөз мәслихатында қандай мәселелер талқыланды.

Н.Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентімен алғашқы кездесу Минск қаласында өткенін айтты.

Елбасы екі ел арасында сенімді, құрылымды ынтымақтастық орнатылғанын айтып өтті.

 «Бүгін Қазақстан-қырғыз ынтымақтастығын одан ары нығайтуға бағытталған маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды. Ол мемлекеттік шекараны шегендеу туралы, сонымен қатар мемлекеттік шекара режімі туралы келісімдер. Аталған құжаттарға қол қою біздің шекарамыздың бүкіл бойындағы мемлекетаралық құқықты рәсімдеуді аяқтайды.  Біз екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде рәсімдеуді аяқтадық. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның сенім, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың қақпасына айналарына сенімдімін», - деді Қырғыз Президенті.

Президенттің айтуынша, Жол картасы жедел, қысқамерзімді  жоспарлардан ғана емес, нақты уақытты қажет ететін жүйелік шаралардан тұрады.

«Біздің елдердің Үкіметтеріне   тар шеңберде аталмыш құжаттың әр тармағын сапалы орындау  тапсырылды. Екіжақты сауда мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.  Тауар айналымы 13 пайызды құрағанына қарамастан, біздегі бар резервтерді белсенді қолдану керек», - деді Елбасы.

Екі елдің Президенттерінің басты мақсаты – 2020 жылға қарай  өзара сауда айналымын  1 млрд долларға жеткізу.

Нұрсұлтан Назарбаев елдер компаниялары үшін инвестицияға   қолайлы  жағдай жасау  маңыздылығын айтып өтті.

«Инвестициялық ынтымақтастық пен сауда-экономикалық  қарым-қатынасты белсенділету мақсатында Қазақстан мен Қырғызстанның іскерлік  кеңесін құру мүмкіндігі талқыланды. Аталмыш алаң  елдердің шаруашылық субъектілері арасындағы тікелей келісімшарттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.

Тараптар  елдердің цифрлық технология саласындағы әлеуетін қарастырып, Үкіметке осы орайда  тәжірибе алмасу тапсырылды.

«Су-энергетикалық ынтымақтастық, «Аралды құтқару» халықаралық қоры қызметін белсенділету маңызды салаға айналды. Орталық Азияның трансшекаралық өзендері  ортақ болуы керек», - деді Елбасы.

Сондай-ақ,  Мемлекет башсылары халықаралық ұйым мен өңірлердегі қауіпсіздік мәселесі аясындағы бірқатар іс-қимылдарды талқылады.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар