- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қырғызстан мен Қазақстан арасында шешілмейтін мәселе жоқ
Н. Назарбаев: Қырғызстан мен Қазақстан арасында шешілмейтін мәселе жоқ
«Бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастың жаңа парақшасы ашылғанына сенемін. 25 жыл ішінде біздің ынтымақтастығымыз нығайды. 15 құжатқа қол қойылды. Бұл көрсеткіш өзге елдер бойынша орнатылған жоқ», - деді Елбасы.
Президент айтып өткендей, биылғы жылдың 10 айында сауда айналымы 13 пайызға артты.
«Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілмейтін мәселе жоқ. Қазақстан Қырғызстанның негізгі серіктесі әрі инвесторы болып табылады. Елдер арасындағы тауар айналымы 10 айда 13 пайызға артты. Осы жылдары қырғыз экономикасына 650 млн доллар инвестиция құйылды. Бірқатар бірлескен кәсіпорындар бар. Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 700-ден астам кәсіпорын бар. Біз Еуразиялық интеграция аясында жұмыс істеп отырымыз. Тар шеңберде біз ірі өңірлік, саяси мәселелерді қарастырдық», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасының айтуынша, екі елдің Үкіметі екі жақты да толғандырған мәселелерді шешу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
Қазір Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады