Сооронбай Жээнбеков: Біз бауырлас елміз

25 Желтоқсан, 2017 16:37
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековты Ақордада қарсы алып, оның Қырғызстан басшысының лауазымына сайлануымен құттықтады.

Елбасы Н.Назарбаев екі көрші мемлекет президенттерінің бұл екінші кездесуі екенін айтты. Қазақстан Президенті осындай маңызды қонақтарды қабылдауға әрқашан қуанышты екенін атап өтті.

«Біз кетерміз, бірақ екі ел әрқашан бірге болады. Қош келдіңіз, барлық қырғыз халқы сізге дауыс берді. Сізді құттықтаймын және жемісті әрі табысты жұмыс тілеймін », - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков оны Астанада өте жылы қарсы алғанын айтты.

«Биылғы жылы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық және достық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Біз бір бауырлас елміз. Мен біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығайтылуын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімді саламын», - деді С.Жээнбеков.

Еске сала кетейік, Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Елордаға ресми сапармен келді.

Ақбота Күзекбай 

Барлық жаңалықтар