- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қазақстанның теңіз көлігі саласына бірқатар өзгерістер енгізілді
Биыл Қазақстанның теңіз көлігі саласына бірқатар өзгерістер енгізілді
ИМО аудиті 2017 жылдың қаңтар айында өткізілген болатын. Аудиттан кейін мамандар Қазақстанның теңіз көлігі саласын дамыту бойынша ұсынымдар берді.
ИМО аудиті теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңізді қорғау, отандық теңізшілерді даярлау, мойындалған білікті қоғамдық ұйымдармен іс-қимыл жасасу, навигациялық және гидрографиялық қамтамасыз ету және теңіз апаттарына тергеу жүргізу мәселелерін көтерді.
«Комитетте мамыр айында ҚР Экологиялық кодексіне кемелерден мұнай мен зиянды заттарды және құрамында зиянды заттар бар сұйықтықтарды, қоқыстарды тастауға тыйым салуға, сонымен қатар, ҚР аймақтық теңіз бөлігінде қос корпусты танкерлерді пайдалану қажеттілігіне қатысты енгізілген түзетулер қабылданғаны айтылды», - деп хабарлады ИДМ.
Порттың теңіз әкімшілігі инспекторларының біліктілігін арттыру мақсатында сәуір айында ИМО сарапшыларының қатысуымен тәжірибелік семинар өткізілді. Бұдан бөлек, Қазақстан-Британия техникалық университеті жанындағы Қазақстан теңіз академиясының негізінде қыркүйек айында мемлекеттік порт пен туға бақылау жүргізу жөнінде курстар ұйымдастырылды.
ИМО сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес, 2017 жылдың екінші жарты жылдығында кәсіби дипломның жаңа үлгілері, оны растау және теңізшілерге диплом беру ережелері қабылданды.
Сондай-ақ, теңізшілерді медициналық байқаудан өткізу тәртібі, мамандарды даярлау куәліктерінің үлгілері, кеме экипажының төменгі құрамына қойылатын талаптар, оқу ұйымдары мен оқу және жаттығу құрылғылары бар орталықтарды куәландыруға қатысты ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді