Қазақстан азиялық елдерге ет, соя мен балық экспортын арттырады

25 Желтоқсан, 2017 14:19
Қазақстан Азия елдеріне ет, соя мен балық экспортын арттырады. Сонымен, бірінші кезекте ет және өзгеде өнімдер Қытай, Иран, БАӘ, Вьетнам, Түркия елдеріне жөнелтіледі. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Алтаев ҚР Мәжілісіндегі үкімет сағатында хабарлады.

АШМ-ның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 1,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңделген өнім көлемі 10%-дан асты.

«Азия елдерін алатын болсақ, ағымдағы жылы біз басты бағыттарды анықтадық. Бірінші кезекті біздің көршіміз – Қытай, содан кейін Иран, БАӘ, Вьетнам, Түркия. Осы елдермен экспортты арттыру бойынша жұмыс істеудеміз. Соя өнімдері, балық пен сияр еті бүгінде Қытайға жөнелтілуде. 10 айда Қытайға экспорт 25%-ға артты», -деп атап өтті Нұржан Алтаев.

Ведомство 2018 жылы Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жұмыстарының есебінен ірі қара мал экспортын арттырады деген үмітте.

«Сонымен қатар, қатырылған балық пен күнбағыс майының экспорты екі есе арттырылды. Көкөніс өнімдерінің экспорты да өсті. Иранмен қатырылған қой етін экпорттау бойынша жұмыстарды жүргізудеміз, ағымдағы жылы бірінші рет қатырылған күйі және таза күйінде экспортталды. Келер жылы сиыр етін экспорттауды көздеп отырмыз», - деп мәлімдеді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов  Қазақстанның Азия бағытындағы сыртқы саясаты туралы айтып берді.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар