• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн тоннаға дейін жеткізіледі

Теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн тоннаға дейін жеткізіледі

25 Желтоқсан, 2017 13:32
Теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн тоннаға дейін жеткізіледі. ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов Үкіметтегі брифингте.

«2017 жылғы қарашада Алматы-Шу учаскесінде жалпы ұзақтығы 112,37 км екінші жолды салу жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыру учаскенің өткізу мүмкіндігін күніне 17-ден 68 жұп пойызға дейін арттырды және пойыздың жол жүру уақытын 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді», - деді ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов.

Оның айтуынша, 2016 жылғы желтоқсанда Құрық портында - жылына 4 млн. тонна жүк тасымалдайтын теміржол паром терминалы іске қосылды. Операциялар басталған кезден бері шамамен 1,3 миллион тонна жүк өңделді. Қазіргі уақытта жылына 2 млн. тонна жүкті өңдейтін жобаның екінші кезеңін іске асыру жалғасуда.

«Биыл 6 желтоқсанда өткен индустрияландыру күні аясында Құрық портындағы автокөлік паром терминалын сынақтан өткізу жүзеге асырылды. 2018 жылы 2 кезең нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жалпы алғанда, жобаны аяқтағаннан кейін Каспий теңізіндегі теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн. тоннаға дейін жеткізіледі», - деді ол.

2017 жылдың 30 мамырында жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені іске қосылды. Жаңа вокзал кешені 52 пойызға қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 16 жоғары жылдамдықты «Тұлпар-Тальго», 22 және 14 қала маңындағы электрлік пойыздар бар.

«Орташа алғанда, тәулігіне 16 жұп, ал демалыс күндері - 20 жұп пойыз өтеді. Жалпы, жаңа вокзалдың өткізу қмүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға дейін жетеді. Екі вокзалдың жалпы өткізу мүмкіндігітәулігіне 47 мың жолаушға жетеді», - деді Д.Потлов.

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар