- Басты
- Жаңалықтар
- Министр БАӘ-мен визасыз режим туралы: Қазақстандық туристер үшін бұл үлкен жаңалық болады
Министр БАӘ-мен визасыз режим туралы: Қазақстандық туристер үшін бұл үлкен жаңалық болады
«Визалық режимге қатысты мәселе визалық тәртіпті жеңілдетуді білдіреді және сонымен қатар тиімді көші-қон бақылауы мен қауіпсіздік мәселелерін, әсіресе ұлттық деңгейде арттыру қажет етеді. Статистикаға сәйкес, Қазақстанның 66 мемлекетпен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық төлқұжат иелеріне визадан босатылуы туралы келісім бар», - деді Қайрат Әбдірахманов.
Оның айтуынша, қызметтік төлқұжат иелеріне 44 мемлекетпен келісім бар.
Биылғы жылы Біріккен Араб Әмірліктерімен барлық құжаттардың түрлері бойынша визасыз сапар туралы келісімдер жасалды.
«Біз демалыс маусымында, Әмірліктегі шекараның ашылуы мен келісімді ратификациялау туралы сұрақтардың жиі қойылатындығын ескердік. Өз тарапымыздан қажетті жұмыстарды атқардық, келісім жасастық. Жақын арада БАӘ-нің құрамындағы барлық әмірліктер, бұл сұрақты қажетті деңгейде қарастырып, бізді хабардар етеді деп күтілуде. Бұл барлық қазақстандық туристер үшін керемет жаңалық болады », - деді министр.
Сыртқы Істер министрлігінің айтуынша, мұндай келісімшарт Таиландпен де жасалған.
«Биылғы жылы біз тағы Израиль, Макао, Таиландпен тиісті құжат түрлері туралы келсімге қол қоюға тырысамыз», - деп қосты ҚР Сыртқы істер министрі.
Сонымен қатар, министр бірнеше күн бұрын Бейжіңде Қазақстаннның визалық орталығы ашылғанын мәлімдеді.
2017 жылы 1 қаңтардан бастап барлық ЭЫДҰ елдеріне, сондай-ақ Малайзияға,Әмірліктерге және Сингапурға визасыз режім енгізілгенін атап өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді