Парламент

Министр БАӘ-мен визасыз режим туралы: Қазақстандық туристер үшін бұл үлкен жаңалық болады

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚР Парламент Мәжілісінде, БАӘ мен Таиланд сияқты ірі туристік елдер арасындағы визасыз режим туралы баяндады.
Нұр-Сұлтан 25 Желтоксан, 12:48

«Визалық режимге қатысты  мәселе визалық тәртіпті жеңілдетуді білдіреді және сонымен қатар тиімді көші-қон бақылауы мен қауіпсіздік мәселелерін, әсіресе ұлттық деңгейде арттыру қажет етеді. Статистикаға сәйкес, Қазақстанның  66 мемлекетпен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық төлқұжат иелеріне визадан босатылуы туралы келісім бар», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қызметтік төлқұжат иелеріне 44 мемлекетпен келісім бар.

Биылғы  жылы Біріккен Араб Әмірліктерімен барлық құжаттардың түрлері бойынша визасыз сапар туралы келісімдер жасалды.

 «Біз демалыс маусымында,  Әмірліктегі шекараның ашылуы мен келісімді ратификациялау туралы сұрақтардың жиі қойылатындығын ескердік. Өз тарапымыздан қажетті  жұмыстарды атқардық, келісім жасастық. Жақын арада БАӘ-нің құрамындағы барлық әмірліктер, бұл сұрақты қажетті деңгейде қарастырып, бізді хабардар етеді деп күтілуде. Бұл барлық қазақстандық туристер үшін керемет жаңалық болады », - деді министр.

Сыртқы Істер министрлігінің  айтуынша, мұндай келісімшарт Таиландпен де жасалған.

«Биылғы  жылы біз тағы Израиль, Макао, Таиландпен тиісті құжат түрлері туралы келсімге қол қоюға тырысамыз», - деп қосты ҚР Сыртқы істер министрі.

 Сонымен қатар, министр бірнеше күн бұрын  Бейжіңде  Қазақстаннның визалық орталығы ашылғанын мәлімдеді.

2017 жылы 1 қаңтардан бастап барлық ЭЫДҰ елдеріне, сондай-ақ Малайзияға,Әмірліктерге және Сингапурға визасыз режім енгізілгенін атап өтті.





Яндекс.Метрика