- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 млрд теңгені құрайды
2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 млрд теңгені құрайды
«2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 млрд. теңгені құрайтын болады. Жалпы алғанда, жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 90% -ын жақсарту, І және ІІ-техникалық санаттағы автомобиль жолдарының үлесін 50% -ға дейін арттыру көзделген. Бұл жүк тасымалын 2 есеге арттыруға және жолға кететін уақытты 1,5 есеге азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.
ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, биыл Қарағадыны айналып өтетін жолды қосқанда Орталық-Оңтүстік жобасының Теміртау-Қарағанды учаскесінде құрылыс жалғасуда. Сондай-ақ, Орталық-Шығыс жобасы бойынша Астана-Павлодар-Семей-Қалбатау және Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Қаменка учаскелеріндегі жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым болатын учаскелерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өтпелі жобалармен қатар, бюджеттік қаражат есебінен ұзақтығы 511 шақырым болатын Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскескен-Бахты, Үшарал-Достық, Осиновский асуы, Қостанай-Денисовка сияқты 6 жобаны іске асыру қолға алынды.
«2018-2019 жылдары республикалық маңызы бар 6,2 мың шақырым автожолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін 4,4 мың шақырымды реконструкциялау және 800 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деді М.Пішембаев.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті