Қазақстан мен Азия елдерінің белсенді ынтымақтастық жүргізетін салалары

25 Желтоқсан, 2017 12:11
Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдерінен бөлек Қазақстан Оңтүстік-Азия, Таяу және Алыс Шығыс елдерімен белсенді ынтымақтастық жүргізеді. Біздің ел қандай басым салаларда ынтымақтастық жүргізетіні туралы Мәжілістегі үкіметтік сағатта Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

«Үндістан кең нарығы мен жоғары экономикалық әлеуеті бар ел ретінде IT-технология, киберқауіпсіздік пен көлік, логистика, теңіз портын қолдану саласында ынтымақтастық жүргізуде. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас достық пен серіктестік тұрғысында дамуда», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан  Үндістан мен Пәкістанның Президенті мен премьер-министрінің  биылғы жылы Астанаға жасаған сапарын жоғары бағалайды.

«Қазақстанның сыртқы саясаты Оңтүстік-шығыс Азия аймағының назарын аудартып отыр.  АСЕАН экономикалық қауымдастығы  2,4 млрд доллар ЖІӨ көлемі бар  630 млн адамдық  нарықты таныстырады», - деді Қ.Әбдірахманов.

Ведомство басшысы айтып өткендей, Қазақстан  солтүстік кореялық ядролық бағдарлама аясындағы  оқиғаны назарда ұстауда.

«Өңірдегі қауіпті шаралардың бірі ҚХДР ядролық зымыран бағдарламасы. 2016 жылы Солтүстік Корея  14 баллистикалық зымыранды жіберген», - деді СІМ басшысы.

Өз кезегінде, Қазақстан  Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық  инфрақұрылымды дамыту тәжірибесін қолдануда.

Жалпы, сыртқы істер ведомствосының басшысы айтып өткендей, 2016-2017 жылдары Елбасы  9 шетелдік елге сапарлады, олар: екі рет ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы. Сондай-ақ, 12 азия елінің басшылары мен үкімет басшылары Қазақстанға келген.

Айта кетейік, үкіметтік сағатта Қайрат Әбдірахманов айтып өткендей, Қазақстанның Азия елдерімен жасаған сауда көлемі  қаңтар-қыркүйек айларында 23 пайызға артып, 13,3 млрд долларды құрады.

2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап ЭЫДҰ мүше елдері мен Малайзия, Әмірліктер мен Сингапурға визасыз режим қолданылуда.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар