Қытайда Қазақстанның визалық орталығы ашылды

25 Желтоқсан, 2017 14:53
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қытайдың туристік индустриясының ірі компанияларымен ынтымақтастықты дамытуда.

Бейжіңде қазақстандық-қытайлық форум өтті, оның аясында Қазақстанның визалық орталықтың ашылу салтанаты болды.

«Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы»  екі елдің туризм саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын дамытуда үлкен серпін берді. Қытайлық туристердің Қазақстанға қызығушылығы артып отыр», - деп атап өтілді шарада.

Тараптар бірлесіп жұмыс істеуге үлкен қызығушылық білдірді, себебі Қазақстанның туризм саласындағы инвестициялық әлеуеті зор.

Сонымен, форумның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Чжонгуаньцунь  технопаркінің «Бір жол - бір белдеу» өндірістік қауымдастығымен, Қазақстан-Қытай сауда қауымдастығымен  үш жақты меморандумға қол қойылды.

Ал, «Global business» халықаралық туристік компаниясымен түзілген меморандум іскерлік туризм саласында тәжірибе алмасуды, бірлескен шараларды өткізуді көздейді.  

Барлық жаңалықтар