- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы кәсіпорындарында қазақстандық қамту деңгейі артты
Алматы кәсіпорындарында қазақстандық қамту деңгейі артты
Атап айтқанда, жиһаз өндірісі, жол жабдықтары, картридж өндірісі бойынша компаниялар өнімді 2018 жылдың соңына дейін жеткізеді. Бұл туралы жыл сайынғы «Мемтапсырыс 2018» акциясының шеңберінде өткен кеңес барысында белгілі болды.
«Біз өзіміздің жергілікті кәсіпорындарды тапсырыстармен және өндірістік қуаттардың толық көлемімен қамтамасыз етеміз. Бұдан басқа, акция зауыттар мен фабрикаларға жаңа өндірістік желілерді кеңейтуге және құруға, қала бюджетіне түсетін салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ғанибет Әубәкіров.
Сөз арасында, 2009 жылмен салыстырғанда, алғашқы «Мемтапсырыс» акциясы өткізілген кезде, өңдеу өнеркәсібінің өсуі 250 млрд. теңгеден 809 млрд. теңгеге дейін 123%-ды құрады.
Спикер акцияның 11-ші рет өткізіліп отырғанын және оң нәтижелерінің барын атап өтті. Өткен жылғы акцияның қорытындылары бойынша алматылық кәсіпорындар 809 млрд. теңгеге 12 мыңнан астам келісімшарттар жасасты. Әубәкіровтің айтуынша келісімшарттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді болып табылады және олар 2019 жылға дейін қолданыста болады.
«Мемтапсырыс» акциясының Алматы қаласының мемлекеттік органдарының, ұлттық компанияларының және кәсіпорындарының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға бағытталғанын атап өтеміз.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты