- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында жедел жәрдем станциясына 27 реанимобиль сыйға тартылды
Қарағанды облысында жедел жәрдем станциясына 27 реанимобиль сыйға тартылды
Жедел жәрдем қвзметінің жаңа көліктері Қазақстанда «КазМедПрибор» кәсіпорнында құрастырылған. Олар адамдардың өмірін сақтауп қалу үшін керекті барлық қажеттілермен жабдықталған. Оның ішінде онлайн режимде стационарға нәтижелерін жібере алатын кардиограмма да бар. Сонымен қатар көліктердің бірінде қауіпті вирустық дерті бар науқасты тасымалдайтын арнайы капсула-изолятор орнатылған.
Бірнеше көліктерде шатырлар, тамақ әзірлеуге арналған электр құралдары, құрғақ тағамдар және жылы киім де қарастырылған. Мұның барлығы дәрігерлер мен фельдшерлерге шалғайдағы аудандарға аттанғанда, шұғыл түрде түнеп қалу керек болса қажет болады. Барлық автокөліктер «ГАЗель Next» және «ГАЗель Бизнес» негізінде құрастырылып жиналған.
Енді бізде жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы 100% жабылды. Біз бұл көліктерді лизингке үш жылға облыстық бюджет есебінен алдық. Олардың жалпы құны 450 миллион теңгені құрады, - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Қанат Асқаров.
Жаңа көліктердің кілттерін Қанат Асқаровқа Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыс етті.
Ең басты байлық – денсаулық. Жәнеде біз халық өмірінің сапасын жақсарту үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауымыз тиіс. Жаңа жыл қарсаңында біз 35 жаңа жедел жәрдем көліктерін алдық, бұл облыс тұрғындары үшін мереке алдында жақсы сыйлық, - деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет Қарағанды облыстық жедел жәрдем станциясының автопаркі 2015-ші жылы жаңартылған болатын. Ол кезде 37 көлік, оның ішінде 12 реанимобиль болған еді.
Қарағандыда қазіргі таңда 49 жедел жәрдем бригадасы қызмет етеді. Орташа септегенде күніне олар 600 шақыртуға шығады. Вирустық дерт күшейген кезде шақыртулар күніне 1000-ға дейін көбейеді. Тәулігіне бір көлік орташа есептегенде 200 шақырым жүріп өтеді. Жедел жәрдем көліктерінің жұмыс ресурстары – алты жыл.
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты