- Басты
- Жаңалықтар
- Степногор тау-кен технология колледжі 25 жылдығын атап өтті
Степногор тау-кен технология колледжі 25 жылдығын атап өтті
Осы жылдарда Тау колледжі аймақтағы жергілікті білім алушыларға I*EARN бағдарламасын Ғаламторда оқыту бойынша бірінші тренинг орталығына айналды. Көшбасшылық мектебі жұмыс істейді. Балалар оқыту-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Колледждегі мамандарды даярлау сапасы ISO халықаралық стандартына сәйкес келеді, деп хабарлайды Ақмола облысы Білім басқармасынының баспасөз қызметі.
«Бүгінде біздің студенттердің өндіріс жағдайында қолданылатын технологиялық құрылғыларымен жұмыс істеуінде кәсіби шеберліктері қалыптасқан, деп сеніммен айта аламыз. Колледж инновациялық құрылғылармен қамтылған: «Бағытталған гидроклин әсері» стенд-тренажеры, «Тікелей ленталы конвейер» стенд-тренажеры, «Пневмоқолдау ППЗ» стенд-тренажеры, «Жылжымалы перфоратор» стенд-тренажеры, «Жүктеу және тасымалдау машинасы» динамикалық жарық стенд-планшеті, электронды тахеометр, жер асты жұмыстарына арналған «Mining» қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету, компенсаторлы DNA сериясының сандық деңгейі, бірыңғай жиілікті GPS қабылдағышты өлшеу үшін статикалық және кинематикалық өлшемдерді өңдеуге арналған LGO бағдарламасы және тағы басқалармен қамтылған. Сапалы білім алу алу үшін колледжде барлық жағдайлар жасалғын. Бүгінде біздің студенттер өз саласында бәсекеге қабілетті маман болып саналады», - деп мәлімдеді Тау-кен технология колледжінің директоры Елена Тарасова.
Институционалды даму жоспарын іске асыру шеңберінде модульдік оқыту технологиялары белсенді енгізілуде. Колледж дуалды оқытуды енгізуде эксперименталды алаңға айналды. Дуалды оқыту формасындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Степногор қаласының кәсіпорындары арасындағы кәсіптік теориялық және өндірістік оқытуды жүзеге асыру туралы үш жақты келісімдер жасасты.
Атап өту керек, колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымы Беларусь, Германия, Франция және Польшадағы ресурстық орталықтардың қызметін зерттеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Энергетика саласы: Электp энеpгиясын өндipу, технологиялық бұзушылықтар және оның себептері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті