• Басты
  • Жаңалықтар
  • Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына үш жылда 61,4 млрд теңге бөлінеді

Щучье-Бурабай курорттық аймағының дамуына үш жылда 61,4 млрд теңге бөлінеді

25 Желтоқсан, 2017 09:24
Бұл қаржыны 2017-2020 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі аясында бөлу жоспарланған.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин  Бурабайда Щучье-Бурабай курорттық аймағын  дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Облыс әкіміне Щучье-Бурабай курорттық ауданының даму жоспарын жүзеге асырудың 3-ші  кезеңінің  нысанын таныстырды.

Мәлік Мырзалин Бурабай аймағы мен Щучье  қаласын  дамытудың Бас жоспарымен танысты.

2017-2020  жылдарға   арналған  Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының  үшінші кезеңі аясында 61,4 млрд теңгенің  34 шарасын қамтиды. Республикалық бюджеттен  58,2 млрд теңге, жергілікті  бюджеттен  3,1 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар