- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда тұңғыш 3D анимациялық «Батырлар» мультихикаясы жарыққа шықты
Қазақстанда тұңғыш 3D анимациялық «Батырлар» мультихикаясы жарыққа шықты
Батырлар» – бұл тарихи тұлғалар – Қабанбай, Наурызбай және Бөгенбай батырлардың ерлігін баяндайтын алғашқы отандық 3D анимациялық фильм. Тың туындыны қазақстандық көрермен «Балапан» арнасынан көре алады. Сондай-ақ, оны «Қазақстан телеарнасынан көрсету жоспарлануда.
«Мульфильм арқылы балаларды халқының бірлігін, жерінің тұтастығын сақтап қалуда аянбаған даңқты батырларымызбен таныстыруды мақсат еттік. Жоба «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қолдау арқасында жүзеге асырып отыр», – деп атап өтті «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова.
«Мультхикаяны жасау барысында оның сапасына мән бердік. Мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Уақыттың жартысы сценарий жазып, тарихшылармен, психологтар және басқа да сарапшылармен тарихи мәліметтердің нақтылығын айқындау мен өнімнің бала психологиясына сәйкестігін келісуге жұмсалды», – деді Айнұр Темірханқызы.
Мультхикаяның режиссері Мәлік Зеңгер туындыны жасау кезінде көрсетілетін оқиғалардың растығын сақтауға тырысқандығын айтады.Қазақстанда алғашқы 3D анимациялық мультхикая Motion Capture жаңа технологияларының көмегімен жасалды. Мұндай технология «Аватар» фильмінде қолданылған. Оның басты артықшылығы сол, кейіпкерлер қимыл-қозғалысының анимациясы қол жұмысымен атқарылмайды. Бұл оны жасау мерзімін шамамен 10 есеге дейін қысқартады.
Бұл жоба «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысы бойынша және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Kazakhstan Computer Graphics» компаниясымен жүзеге асырылды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды