Қайта өңдеу саласына шетелдік инвестиция ағымы артты – ҚР ИДМ

22 Желтоқсан, 2017 15:09
Қазақстанның инвестициялық климаты жоғары халықаралық талаптарға сай, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының инвестициялар мен даму вице-министрі Ерлан Хайыров.

Ерлан Хайыров атап өткендей, Қазақстан индустрияландыру есебінен қайта өңдеу өндірісі саласында инвестиция бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді.

«Қайта өңдеу саласының бірқатар саласында инвестициялар ағымы өсті – металлургия, химия және машинақұрылысы. Индустрияландыру аясында біз қайта өңдеу саласына инвестиция ағымын тартымды ете алдық. Нәтижесінде, оның үлесі 2 есе өсіп, 22,8% құрады», - деді вице-министр Қазақстан Респуцбликасындағы инвестициялық белсенділігі үшін  үздік шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімінде.

Оның айтуынша, 2017 жылы ҚР Үкіметімен түбегейлі реформалар өткізіліп, нақты табыстарға қолжеткізілді.

«Ағымдағы жылдың маусым айында ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің қауымдастырылған мүшесі және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық инвестициялар мен көпұлтты компаниялар декларациясына қосылған 48-і мемлекет болды. Бұл үлкен сенім белгісі. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның инвестициялық климатының халықаралық талаптарға сай екенін көрсетеді», - деп баса айтты Е. Хайыров.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар