- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат бағалау қызметі туралы заң жобасын талқылады
Сенат бағалау қызметі туралы заң жобасын талқылады
Заң жобасы бағалау қызметінің өзін-өзі реттеу жүйесін одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық процестерге бағалау қызметінің толыққанды қосылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған.
Құжатта бағалау қызметімен кәсіби түрде айналысатын адамдардың бағалаушылар палаталарында міндетті түрде мүше болуы көзделіп отыр. Саны кемінде үш жүз мүшені құрайтын бағалаушылар палаталарында өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасы бақыланады, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын болады.
Заң жобасында бағалаушылар палаталары «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәліктер, бағалаушылар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттар берілетіні туралы ережелер бар. Одан басқа, бағалау қызметінің стандарттары белгіленетін болады.
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Түзетулер Азаматтық, Еңбек, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтыұ жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға енгізілетін болды.
Отырыстың күн тәртібіне «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» заң жобасын талқылау да енді. Бұл құжат қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккен жәбірленушілерге өтемақы төлеу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді реттейді. Заң жобасы заң жобасы жәбірленушілер құқықтарын қорғау тетіктерін қалыптастыру, оларға және олардың заңды өкілдеріне қаржы көмегін беру үшін, сондай-ақ Жәбірленушілерге зиянды өтеу қорында құқықтық, ұйымдастыру, қаржылық, әкімшілік-бөлу ресурстарын жинақтау арқылы қаржыландыру және қаржы төлеу тәртібін жүйелеу туралы жағдай жасайды.
Құжат ережелері қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша зардап шеккен азаматтарға жерлеу, емдеу, айықтыру және басқа да шаралардың шығындарына байланысты материалдық ауыртпалықтарды азайтуға бағытталған. Одан басқа, мемлекеттің араласуы арқылы шығынның орнын толтыру институтының тиімділігі арта түседі және қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қарсы мемлекеттің кері талап қоюы ынталандырылады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметініңмәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен Бюджет, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетулер енгізіледі. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы