- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ ҚК-нің Ауғанстандағы ахуал бойынша ашық пікірталасына қатысты
Қазақстан БҰҰ ҚК-нің Ауғанстандағы ахуал бойынша ашық пікірталасына қатысты
2017 жылғы 21 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы ахуал бойынша ашық пікірталастар өтті. Бұл отырыста баяндамашылар ретінде Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото, БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының Атқарушы директоры Юрий Федотов, БҰҰ ҚК 1988 «Талибан/Ауғанстан» бойынша санкциялық комитетінің төрағасы Қайрат Омаров, сондай-ақ Ауғанстандағы Бейбітшілік бойынша Жоғары кеңсесінің мүшесі Ваджма Фрог сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР СІМ.
Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және басқа да мүдделі мемлекеттердің өкілдері өз баяндамаларын жасады.
Қатысушылар Ауғанстандағы қиын жағдайды, соның ішінде террористік әрекеттер санының өсуін, солтүстік аймақтарда ДАИШ жауынгерлерінің көбеіп, елдегі есірткі өңдірісінің өсуін талқылап өтті. Сонымен қатар, Ауғанстан Үкіметі мен халықаралық қоғамдастықтың елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралардың, ұлттық татуластыру, экономикалық даму, әйелдердің құқықтарын қорғау және ілгерілету, алдағы екі жылда президенттік және парламенттік сайлауды сапалы дайындау және өткізу бойынша мәселердің маңыздылығына ерекше көңіл аударылды.
Көптеген мемлекеттер өз сөздерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі саналатын Қазақстанға оның Ауғанстан мен Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударғаны үшін өз алғыстарын білдірді. Олардың пікірі бойынша, мұндай іс-шаралар аталған өңірде қалыптасқан жағдайды тереңірек түсінуге септігін тигізеді.
Қазақстандық делегациясының пікірі бойынша, мемлекеттер арасындағы тығыз аймақтық экономикалық ынтымақтастық ауған азаматтарының бейбіт әрекеттерге қатысуына ықпал етіп, қарулы топтарға және есірткі өндірісіне қатысуын азайтатын болады. Бұл елдегі және, тұтастай алғанда, аймақтағы қауіпсіздік жағдайына оң әсерін тигізеді.
Қ. Омаров Қазақстанның өңірлік интеграцияның тұрақты жақтаушысы болып табылатынын және көліктік инфрақұрылымға инвестиция салып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететіп келгенін атап өтті.
Отырысқа қатысушылар халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстандағы бейбітшілік пен гүлденуге қол жеткізуге жәрдемдесу бойынша өзінің шынайы бейілділігін растады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру