- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан экономикалық еркіндік индексі рейтингінде 22 орынға көтерілді
Қазақстан экономикалық еркіндік индексі рейтингінде 22 орынға көтерілді
2014 жылдың 14 қаңтарында «Мұра қоры» зерттеу орталығының The Wall Street Journal басылымымен бірігіп жариялаған «2014 жылдың экономикалық еркіндік индексі» ретингінде Қазақстан 100-ден 63,7 ұпай алды. Қазақстан экономикалық еркіндік индексі рейтингінде 22 орынға көтеріліп, Ресей, Беларусь, Франция, Италия, Португалия, Үндістан, Қытай елдерін артта қалдырып, 178 елдің ішінде 67 орынға жайғасты», - делінген хабарламада.
Зерттеу авторлары Қазақстан экономикасына қатысты инвестициялық, іскерлік және қаржылық еркіндікті тілге тиек етеді. Алайда елде жемқорлық пен меншіктік құқықтың сақталуы кенже қалып бара жатқанын да жасырмайды. Осы екі кеселдің кесірінен ел рейтингісі төмен тартып тұрған көрінеді.
Жалпы, Индекске қатысып келе жатқан 17 жыл ішінде Қазақстан 22 орын жоғары өрлеген. Мұндай жетістік рейтинг ішінде жиі кездеспейді деседі. Аталмыш жетістікке жетудің бірден бір себебі нарықтың ашықтығы мен реттеу тиімділігі. Болашақта қазақстандық экономикаға терең құрылымдық реформаларға қажеттілік пайда болады. Өйткені энергетикалық секторға тәуелділік пен диверсификацияланған экономикалық өсімге байланысты қиындықтар тумақ.
Жыл сайынғы экономикалық еркіндік рейтингін дайындау аясында үкіметтік араласудың аздығы мен үкіметтік өндіріске кедергісі, тауар мен қызметті реттеу мен тұтыну және өзге де мәселелер анықталады. Экономикалық еркіндік пен оның дамуындағы жетістік арасында өзара күрделі байланыс бар екені айтылады. Басты назар экономикалық либерализмге дәрежесіне аударылады. Жоба авторларының айтуынша, экономикалық еркіндігі жоғары елдің тұрғындарының да жағдайларының жақсы болатын көрінеді. Экономикалық шешімдерге үкімет араласпай, керісінше жауапкершілікті кәсіпкерліктерге тапсырғанда халықтың әл-ауқаты жақсара түспек.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді