- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жастарға қандай жағдай жасалған (ШОЛУ)
Қазақстанда жастарға қандай жағдай жасалған (ШОЛУ)

Сонымен, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің ХХ отырысында бірқатар шараларды жүзеге асыру барысы қаралды. Атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру, оның ішінде ауыл жастарында және 2018 жылға арналған ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің жұмыс жоспары қаралды.
Гүлшара Әбдіхалықова атап өткендей, бүгінде дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрамында жастар саясаты департаменті, жастар саясаты мәселесі бойынша аймақтық басқармалар және жастардың ресурстық орталықтары құрылған.
«Бүгінде бізде не бар? Біріншіден – бір жолға қойылған мемлекеттік саясат. Екіншіден – нормативті құқықтық база жетілдірілуде. 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасы жұмыс істеуде. 2016 жылдан бастап тұжырымдаманың екінші кезеңін жүзеге асыру басталды. 2015 жылы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінде ведомствоаралық байланыстар нығайтылуда және нәтижесінде орталық және жергілікті басқарушы органдардың жастар саясатанына көңіл бөлуі артты.
Бұдан басқа, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде елдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды құрады, деп хабарлады.
«Соңғы жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендеген.2002 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 13,1 пайыздан 4 пайызға дейін азайған», - деді министр.
Н.Ермекбаев айтып өткендей, 2017 жылы «Жасыл ел» президенттік бағдарламасы аясында елімізде жастардың 24 мыңнан астамын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетілді. 2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін 2725 жас маманға бюджеттік несие негізінде 8669,6 млн теңге бөлінген.
Н. Назарбаев жастар форумының бірінде хабарлағандай, XXI ғасыр – біл тек жаһандық шақыртулармен қатар белсенді және талантты жастардың дәуірі.
«Қазақстанда әр төртінші азамат – жас ұрпақьтың өкілі. Мені сіздердің шет тілдерге, білімге және жаңа инновациялық ашуларға құлшыныстарыңыз қуантады. Бүгінде сіздердің қатарларыңызда білімі Отанының игілігі үшін жұмыс сітеп жатқандар өте көп», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді

