- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК A-WEB қауымдастығының мүшесі бола беруге мүдделі
ОСК A-WEB қауымдастығының мүшесі бола беруге мүдделі
Кездесу барысында WEB-ті халықаралық үкіметтік емес ұйымнан халықаралық үкіметаралық ұйымға түрлендіру, сондай-ақ ҚР ОСК мен A-WEB арасындағы Қазақстан Республикасындағы сайлауды басқаруды жақсарту, дауыс беру және дауыстарды санау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ОСК Төрағасы Берік Имашев Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2013 жылдың қазан айынан бастап A-WEB-тің институционалдық мүшесі болып табылатынын, ОСК-ның қауымдастықтың мүшесі бола беруге мүдделі екенін, A-WEB-ға қатысу ОСК-ның жаһандық сайлау процестеріне қатысуға, сайлаудың халықаралық үрдісіне қатысуына, демократиялық сайлау өткізудегі оң тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен қатар, Ортсайлауком төрағасы ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан A-WEB-тің үкіметтік емес ұйымға айналуы жөніндегі трансформация Конвенциясы жобасының келісу жұмыстары басталғанын атап өтті.
A-WEB Бас хатшысы Ёнг-Хи Ким Ассоциацияның әлемдегі, соның ішінде ТМД елдеріндегі оқыту орталықтары желілерін құру бойынша және Қазақстандағы сайлау процесстерінде IT технологияларды пайдалану жөнінде қызығушылық танытты.
Б.Имашев сайлау процесстерін сандық форматқа көшіру мақсатында (соның ішінде сайлаушылар тізімі) ОСК-ның «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қосылғандығы туралы сөз етті.
2017 жылы маусымда ҚР Парлмент Сенаты депутаттарын сайлау кезінде тұнғыш рет сайлаушыларды электронды тіркеу жүйесінің апробацияланған болатын. Бұл дауыс беру және оны қорытындылау процессінің ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етті.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және тиімді іскерлік байланыстар орнатуға дайындықтарын білдірді.
Айта кетейік, А-WEB әлемдегі 104 мемлекеттің орталық сайлау органдарын біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Қазақстан ұйымның негізі қаланғанынан бері, 2013 жылдан, қауымдастықтың институционалды мүшесі болып табылады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде