ҚазАвтоЖол жемқорлыққа қарсы саясатты қолдап отыр

22 Желтоқсан, 2017 11:14
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа-орталық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астанада «Адал адам жемқорлықты жеңеді»  диалог алаңы аясында «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Төлеген Байгулов пен «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бішенов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«ҚазАвтоЖолдан» хабарлағандай, қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында тараптар бірыңғай жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысуға мүдделі. Ол жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың кең ауқымын тартуға септігін тигізеді.

Меморандум жұмыс кездесулерін өткізуді, бірлескен жобаларды жасақтауды, ақпаратты жедел алмасуды көздейді.

«Біз жемқорлықты алдын алу тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар қоғамға қатысы бар әрбір институттың міндеті екенін түсінеміз. Біз бұқарамен серіктестігімізді нығайтып, автожол саласындағы жерқорлық тәуекелдерін жойғымыз келеді» - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Бішенов.

Қол қойылған құжатты жүзеге асыру құрылыс, қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасын бақылауға бұқараны көбірек тартуға септігін тигізеді. 

Барлық жаңалықтар