- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі күн батарейлерінің өндірісімен танысты
Алматы әкімі күн батарейлерінің өндірісімен танысты
Индустриалды аймақты аралаған Бауыржан Байбек «ALATAU» сауда маркасы бар картридждер мен күн батареяларын шығаратын жаңа өндіріс орнымен танысты.
Компанияның бас директоры Мұрат Рахымжанов алғашқы өндірістік желінің жылына 75 мыңнан астам картридждер шығаратынын, 2019 жылға дейін өндіріс көлемін екі есеге аттрыуды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді, алайда өндіріс қуаты артқан кезде жаңа жұмыс орны екі есе өсетін болады. Өнім ассортименті «ALATAU» картридждерінің 150-ден астам моделін құрайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мегаполиске қосылған елді мекендерде барлық жағдайлар жасалуда. Алатау және Наурызбай аудандары орталықтандырылған қағидасы бойынша дамуда және өздіктерінен өркендеу үстінде. Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ кәсіпкерлікке қолдау көресту мақсатында құрылған, ең алдымен Алматының әлеуетті өндіріс орындарын дамытуға бағытталған. Мұнда бірінші кезекте қаланың тұрғылықты жерлеріндегі өндіріс орындарын осы аймаққа көшіретін инвестициялық жобаларға, импортты алмастыра алатын технологиялық, иновациялық өнімдер шығаруға жете назар аударылады. Кәсіпорындардың ашылуы Алатау ауданында жаңа жұмыс орындарының пайда болуына кең жол ашады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы