- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент жаңа ҚР Кедендік кодексін мақұлдады
Парламент жаңа ҚР Кедендік кодексін мақұлдады
Құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының ережелерімен сәйкес келтіру болып табылады.
Заң жобасымен тауарларға декларация бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште немесе уақытша әкетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсете отырып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ірі мөлшерде өткізуді экономикалық контрабандаға жатқызу бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Аталған өтініштер кеден органы тіркеуге алған сәттен бастап, осындай өтініштерді беру заңдық мәні бар фактілер туралы куәландыратын құжатқа айналады.
«Құжат шеңберінде мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында белгіленген мерзімдерде уақытша әкелудің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ декларацияламаумен және анық емес декларациялаумен қатар декларацияны табыс еткенге дейін тауарды шығару туралы өтініштегі анық емес мәліметтер үшін жауапкершілік белгіленеді. Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес енгізілген алдағы төлемдерді төлеу есебіне аванстық төлемдерді қоса алғанда, кедендік операцияларды жасау кезінде республикалық бюджетке жіберілетін салықтық түсімдердің түрлері нақтыланады.
Бұдан басқа, қазіргі кезде көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган іске асыратын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің теңіздегі өткізу пункттерінде және өзге де өткізу орындарында көліктік бақылау функцияларын мемлекеттік кіріс органдарына беру көзделеді. Заң жобасымен ақпарат ауыстыру және валюта заңнамасын сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары мен Ұлттық банкінің өзара іс-қимылын заңнамалық қамтамасыз ету бөлігінде толықтырулар енгізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар