• Басты
  • Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды
21 Желтоқсан, 2017 16:21

Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын дизайнерлік сүйемелдеу бойынша өткен байқаудың үздіктері марапатталды.

Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды | Strategy2050.kz

Дизайнерлер байқауын «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі жариялады. Ол «Рухани жаңғыру» - мәдени және рухани  құндылықтарды енгізу мен насихаттауға бағытталған.

Байқау ұйымдастырушылары хабарлағандай, өтінімдерді қабылдау  1 қарашада басталып,  15 желтоқсанда аяқталды. Ұсынылған жұмыстар «Бәсекеге қабілеттілік», «Прагматизм»,  «Ұлттық бірлікті сақтау», «Білімді ұлықтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Ойдың ашықтығы» бағдарламаларына бағытталған. Жалпы,  137 жұмыс табысталды, оның ішінде тәртіпке  120 өтінім сай болды. Өтінімдер   Қазақстанның барлық өңірі  мен  Франциядан келді.

Байқаудың жалпы сыйлық қоры  6 млн теңгені құрады. Әрбір номинацияда  жеңімпаздар диплом мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орынды, 1 500 000  теңгені  Назарбаев университетінің студенті Мәдина Мұханова алса, екінші орын – 1 000 000 теңге  павлодарлық Рүстем Сәлімовке бұйырды. Үшінші орынды, яғни  500 мың теңгені Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Сәуле Жиенқұлова алды. Ал, бас жүлдені павлодарлық Денис Романов алды. Жүлде қоры  2 млн теңге. Байқау қатысушыларын ынталандыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар қарастырылды.

Сондай-ақ, «Қазақпарат» ХАА бас директоры Асқар Омаров үздік туындылар  кәстөмдерді әрлеу мен баспа өнімдерінде қолданылатынын айтты.

«Басында байқау идеясы қазіргі қоғам «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қаншалықты қабылдайтындығын білу еді. Бүгін аудитория барлығын бейне, мысал, көрініс арқылы қабылдайды. Сондықтан да инстаграм мен елестетуге қатысты заттар танымал. Байқау біздің дизайнерлер графика арқылы аталмыш идеяны қалай суреттейтіні үшін жарияланды. Бұл өткен мен бүгіннің, болашақтың сабақтастығы», - деді А.Омаров.

Қайрат Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды