- Басты
- Жаңалықтар
- Алдағы үш жылда Қазақстандағы уран өндірісі 20 %-ға қысқарады
Алдағы үш жылда Қазақстандағы уран өндірісі 20 %-ға қысқарады
Уран өндіру нарығында Қазақстан әлемдік сұраныстың 40 пайызын қамтамасыз етеді. Ал оның тең жартысы Қазатомөнеркәсіптің еншісінде. Уранды Ресей, Франция, Канада, Қытай және Жапонияның трансұлттық компанияларымен серіктестікте құрылған еншілес және бірлескен кәсіпорындар өндіреді. Қазақстандағы уран өндіру әдісін МАГАТЭ экологиялық ең таза әрі қауіпсіз деп таныған.
«Өкінішке орай, бір фунт уранның бағасы соңғы он жылда 136 доллардан 18 долларға дейін төмендеп кетті. Өнімнің көптігі нарықта қиындықтар тудырды. Соған байланысты осы жылдың басында өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болдық. Бұл шара да қажетті нәтиже бермегендіктен алдағы үш жылда өндірісті тағы 20 пайызға азайту жөнінде шешім қабылдадық. Алайда бұл қадамымыз компанияның тұтынушылар алдындағы міндеттеріне әсер етпейтінін атап көрсеткім келеді»,-деді Ғалымжан Пірматов.
Еске сала кетейік, биылғы жылы қаңтар айында уран өндірісін 10 пайызға қыстарту туралы шешім қабылданған болатын.
Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, ақырғы бес жыл ішінде компания кәсіпорындарында өндірістік жарақат алу деңгейі екі есеге қысқарған.
«Ағымдағы жылдың 9 айында қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 1,2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. 2017 жылы 530 өнертабыстық ұсыныс енгізіліп, болжам бойынша олардың экономикалық тиімділігі 1,5 млрд теңгеден асады деп күтілуде»,-дейді компания басшысы.
Есбол Социалхан
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай