- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды
Шығыс Қазақстан облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды
Салтанатты іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, облыс прокуроры Құсайын Игембаев, облыс мәслихатының депутаты Владимир Головатюк, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының басшылары мен қоғамдастық өкілдері қатысты.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау мақсатында Бас прокуратура бастамашылық танытып, облыстық прокуратура жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырғанын атап өту қажет.
«Мемлекеттік қызметтің міндеттері – азаматтарды қабылдап, тыңдау, оларды кабинеттен кабинетке жолдамай, барлық, тіпті болмашы мәселелерін шешу қажет, бұл туралы Елбасы үнемі айтады, сондықтан, Орталықтың ашылуы біздің аумақ үшін маңызды оқиға деп есептеймін», - деп баса айтты облыс әкімі Д.Ахметов.
«Азаматтарға «бір терезе» қағидасы бойынша құқықтық сипаттағы консультациялық кеңес көрсетілетін болады. Орталықтың негізгі мақсаты – азаматтардың сенім деңгейін көтеру, шағымдарды жедел шешім, әкімшілік кедергілерді жою», - деді облыс прокуроры Қ.Игембаев өз сөзінде.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын осы Орталықта адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, Әділет департаментінің, Құқықтық статистика басқармасының, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, пробация қызметкерлері қабылдап, консультация беріп, «бір терезе қағидасы» бойынша тегін кәсіби заң көмегін көрсетеді.
Орталықта барынша қолайлы жағдайлар жасалған, қызметкерлерге арналған ашық кабинеттер, ыңғайлы күту залы, электронды кезек бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар да ұмытылған жоқ. Бұл жерде пандустар, тактильді көрсеткіш, жазбалар, мүгедектерге көмек көрсете алатын мамандарды шақыру үшін арнайы тетіктер орнатылған.
Сонымен қатар, кез келген азамат құзыретті органға, оның ішінде, орталық деңгейдегі органдарға бейнеөтініш бере алады. Орталықта азаматтардың ұжымдық арыздары да қабылданады.
Ай сайын Орталықта облыс тұрғындары үшін барлық құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен қабылдау жүргізу жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»