- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент мемлекеттік аудит мәселелрі бойынша заңнамаға түзетулерді қабылдады
Парламент мемлекеттік аудит мәселелрі бойынша заңнамаға түзетулерді қабылдады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы қаралды. Заң жобасы мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі реформалау қажеттігін ескере отырып, бірқатар өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, аудитке халықаралық стандарттарды енгізу және тиісті қызмет салаларының кадрлар құрамын жақсарту үшін мемлекеттік аудитордың «ассистенті» (көмекшісі) ұғымы енгізіледі, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қзыметі.
Түзетулер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің жыл сайынғы аудитін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде өткізуді; сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудитті өткізу қағидаларын бекітуді көздейді.
Заң жобасы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезінде туындайтын дауларды аппеляциялық түрде реттеу тәртібі бекітілген.
«Жобаға сәйкес ішкі аудит қызметтерінің бюджеттік процестің тиімділігіне аудит жүргізеді. Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиядағы өкілдердің сандық құрамы айқындалады», - делінген хабарламада.
Одан басқа, мемлекеттік аудиторлардың этикалық ережелер мен кәсіби стандарттарды сақтамағаны үшін жауапкершілігін күшейтілді, Ұлттық комиссияға мемлекеттік аудитор сертификатын кері қайтарып алу құқығын беріледі, мемлекеттік аудиторларға жазалау шарасы ретінде ескерту жасау қолданылады. Мемлекеттік аудитор болуға үміткерлер үшін жұмыс істеп жүрген үш мемлекеттік аудитордан мінсіз және іскерлік беделін растайтын ұсынымдар беру туралы талаптар енгізіледі.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай