- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 360 орындық балабақша пайдалануға берілді
ОҚО-да 360 орындық балабақша пайдалануға берілді
Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жас өрендердің тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.
Жалпы Арыс қаласында бүгінде 49 мектепке дейінгі ұйымда 4207 бала тәрбиеленуде, яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші 85,9 пайызды құрап отыр. Соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 12 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс істеп келеді.
Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ж. Түймебаев мектепке дейінгі білім беретін мекеменің ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндерге балдырған велосипедін сыйға тарты. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Арыс қаласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан балабақшамен де танысты. 100 орынға шақталған балабақшаның құны 80 млн. теңгені құрайды. Заманауи үлгіде салынып жатқан нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады