- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың жеке секторы 2019 жылы газбен жабдықталады
Астананың жеке секторы 2019 жылы газбен жабдықталады
Астананы регазификациялау бойынша алты станция орнатылады, деп хабарлады энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев Елорданың ауа бассейнінің ластануына арналған брифинг барысында. 2018 жылы «Global Gaz Group» ЖШС екінші «Тельман» сұйытылған табиғи газ станциясын салады.
«Біз инвестор «Global Gaz Group» компаниясына «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданын газдандыру бойынша талап қойдық. Олар алдымен Железнодорожный кентінде «Индустриальная» газдандыру станциясын салуы тиіс. Сол жерден тұрба астананың «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданына тартылады. Қазіргі күні станция құрлысына жер телімі бөлінген. «Оңтүстік-Шығыс» мөлтек ауданы 2019 жылы газдандырылады»,- деп атап өтті Б. Жапаев.
Компания газды таратушы станциядан мөлтекауданға дейін жеткізеді, ал әр тұтынушы үйін өз қаржысына қосуы тиіс. Оның айтуынша, тұтынушы үшін газ бағасының метр кубы 110 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тарифті субсидиялау туралы мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр. Егер оң қорытынды шығарылса газдың бағасының метр кубы 35 теңгеге төмендейді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Абай жылының айшықты тұстары -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері