- Басты
- «Бәйтерек» холдингінің 2017 жылғы қаржыландыру жоспары (ШОЛУ)
«Бәйтерек» холдингінің 2017 жылғы қаржыландыру жоспары (ШОЛУ)

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына сәйкес барлық жоспарланған индикаторларға қол жеткізген.
«Холдинг бағдарламаның негізгі операторы болып табылады және негізгі бес бағыттың төртеуін жүзеге асырады. Олар: жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салуы; бұған дейін қабылданған бағдарламалар бойынша құрылыстың аяқталуы; халыққа арналған ипотеканың қолжетімділігін арттыру; жеке құрылыс салушыларды құрылысқа ынталандыру»,-дейді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев.
Сонымен қатар, холдингтің бес еншілес ұйымы – «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қатарлы ұйымдар «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қатысқан.
Жоғарыда айтылғандай, жоба жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы жүзеге асқан. Барлық қаражат пен жобаларды іріктеу, құрылыс салушыларды анықтау, игеру және құрылыс барысына мониторинг жүргізу секілді функциялар жергілікті атқарушы органдарға берілген.
Ал, тұрғын үй құрылыс жинағы желісі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесінде 492 млрд. теңге жинақ сомасындағы 1 023 шарт бар. 2017 жылға қарыз беру 181 млрд. теңге көлемінде жоспарланып, жалпы сомасы 256 млрд. теңгені құрайтын 37 мың қарыз берілген. Бұл жоспардың 141 пайызы. Осылайша, 2017 жылы берілген ипотекалық теңгенің төрттен үшін Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынып отыр.
Биылғы жылы қабылданған бағдарламалар шеңберінде жоспарланған 554,3 мың шаршы метрдің орнына пайдалануға 560,1 мың шаршы метр тапсырылған. Бұл 9637 пәтер.
Есбол Социалхан
-
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады
-
Мәжіліс сайлауы: Мәжіліс депутаттары жоспарымен бөлісті
-
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді
-
Жолдау-2020: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды
-
«Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын қаржыландыру мөлшері мәлім болды
-
Еліміздегі спорт клубтарын мемлекет бюджетінен қаржыландыру қашан тоқтайды
-
Мемлекет тарапынан бизнесті қаржыландыру қалай жүріп жатыр

