- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы ҚР-да 51 млрд теңгеге 73 мектеп салынады – БҒМ
2014 жылы ҚР-да 51 млрд теңгеге 73 мектеп салынады – БҒМ
16 Қаңтар, 2014 12:35
2014 жылы Қазақстанда 51 млрд теңгеден астам қаражатқа 73 мектеп салынады, деп мәлімдеді баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.
«2014 жылы республикалық есебінен елімізде 73 білім беру нысаны салынады. Жалпы, осы мақсатта 51 млрд 100 млн теңге қарастырылған», - деді бас ұстаздың орынбасары.
Вице-министрдің мәліметінше, 2015-2016 жылдары 119 жаңа мектептің құрылысына 46,7 млрд теңге қарастырылған.
2013-2014 оқу жылында Қазақстанда 2,5 млн шәкірт тәрбиелеп жатқан 7683 орта білім беру ұйымы тіркелген.
Қазақстанда қазіргі таңда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қалаларында 112 мектеп үш ауысыммен оқытуда.
2014-2016 жылдары апаттық жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер санын қысқарту мәселесі ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыс әкімдіктері, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктері тарапынан басым бағыттар бойынша Меморандумда қарастырылады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы