- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда балаларды инклюзивті оқыту үшін әлеуметтік қызметті енгізу керек – депутат
Қазақстанда балаларды инклюзивті оқыту үшін әлеуметтік қызметті енгізу керек – депутат
«Еліміздің барлық өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан тыс қалады. Олар негізгі өмірдің игілігінен қалыс қалады. Ал, мүгедек балалар ерте көмек ала алмайды, бала бақшаға, мектепке бара алмайды. Ересектер болса жұмысқа орналаса алмайды, үй ала алмайды. Жалпы, әлем бойынша мүгедек жандар аз болғанымен олардың жағдайыда соншалықты мүшкіл», - деді сөз басында Ирина Смирнова.
Сонымен қатар, ол мүгедектердің немесе мүгедек болуы мүмкін тұлғалардың жолында кездесетін кедергілерге тоқталды.
«Бірінші кедергі - акушерлік агрессия. Бұл дені сау баланың дүниеге келуіне әлеуметтік кедергі жасайтын проблемалардың бірі. Дамуында ауытқуы бар балалардың кешенді қолдаудағы алдын алу шараларының болмауы да мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік проблемаларының бірі болып отыр. Сонымен қатар медициналық модельден әлеуметтік моделге көшуде, инклюзивті білім беруде де кедергілер бар. Сондықтанда Қазақстанда балаларды инклюзивті оқыту үшін әлеуметтік қызметті енгізу керек», - деді Ирина Смирнова.
«Мүгедектік кемсітушілік фактор бола алмайды және болмауы да тиіс. Бесінші кедергі - сегрегация. Бүгінде психологиялық-неврологиялық ауытқуы бар, ақыл-есі кеміс екі мыңнан астам бала жабық үлгідегі қазыналық кәсіпорында тәрбиеленуде. Алтыншы кедергі - бұл балалардың әлеуметтенуге дайындаудың жоқтығы», - деп түйіндеді халық қалаулысы Ирина Смирнова.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді