- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да жыл басынан бері МЖӘ-нің 76 жобасы жүзеге асырылды
ШҚО-да жыл басынан бері МЖӘ-нің 76 жобасы жүзеге асырылды
Осы ретте Шығыс Қазақстанда бизнесмендер тек коммерциялық емес, әлеуметтік маңызды нысандарға қаражат құйып, іске жоғары белсенділікпен білек сыбана кірісті.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына сай, аймақтардағы әкімдіктер жылына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 5 жобаны іске қосулары тиіс. Бірақ Шығыс Қазақстан бұл бағытта 14,7 мдрд. теңгенің 76 жобасын жүзеге асырып, бәсекеде басып озып, өңірлер ішінде көш бастады.
«2017 жылдың басынан аталған индикаторға тек 9 аймақ қол жеткізді. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан 76 жобамен 1-орынға шықты. Соңынан Ақтөбе, Қарағанды облыстары тұр», - деді әкімдік отырысында сөз алған «ШҚ аймақтық МЖС орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Надежда Акентьева.
ШҚО МЖС бойынша барлығы 168 млрд.теңгені құрайтын 168 жоба қолға алынған. Бір ғана мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілетін жекеменшік балабақша қызметін қамтыған 64 келісімшартқа мөр басылды. Келер жылы Өскемен мен Семейде ауруханалар бой көтереді.
«Біз бұл мақтаудың буында жүрмей, нақты нәтижеге жұмыс істеуіміз керек. МЖС орталығы квазимемлекеттік сектордан жекеменшік салаға бет бұруға басымдық беруі керек. Облыс Еуропалық қайта құру және даму банкімен тығыз байланыста. Дәл осындай жұмысты өзгелермен де жүргізу шарт. Қазіргі таңда аймақтың инфрақұрылым желісін жаңғырту бағытында бірқатар істер атқарылып жатыр. Сумен, жылумен қамту, кәріз желілілері жөнделіп, қайта құрылмақ. Оған 40 млрд.теңге жоспарланған», - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Айта кету керек, желтоқсанның он алтысынан бастап МЖС жобаларын жоспарлау тәртібі қысқартылды. Тұжырымдама мен сараптаманы әзірлеу жоқ енді, нәтижесінде рәсімдеу уақыты 3 айды ғана қамтымақ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар