- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда 300 орындық мектеп ашылды
Оралда 300 орындық мектеп ашылды
«Мерекеге орай көптен күткен мектебіміз есігін ашып отыр. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен биыл облыс орталығында 4 мектеп салынды. Биыл осы мектепті ашсақ, қалған үшеуін жаңа жылға қалдырып отырмыз. Бұл мектеп балаларды қаңтар айынан қабылдайтын болады. Балалар үш жыл күткен мектебіндегі оқуын үшінші тоқсаннан бастап жалғастырады. Жазда біз осы жердегі жолды жөндейтін боламыз. Қазір жобасы дайын. Мектептер мен балабақшалар ашылып, ауруханалар мен үйлер салынып жатқаны - халықтың бірлігінің, тұрақтылықтың және әрқайсымыздың еңбегіміздің арқасы», - деді Алтай Көлгінов.
Ал ата-аналар атынан сөз алған Алтынбек Абдулманов облыс басшылығына зор ризашылығын білдірді. Салтанатты шарада мектеп құрылысын жүргізген «Альтаир» ЖШС директоры Нұрлан Қуаналиев мектеп директоры Мәулен Дилмағамбетовке жаңа ғимарат кілтін табыс етті.
«Апатты жағдайда болған мектеп жаңа стандартқа сай күрделі жөндеуден өтті. Барлық қажетті кабинеттер бар. Робототехника және мүсіндеу-керамика кабинеті бар. Спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған», - деген қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Мектеп 300 орынға арналған. Салтанатты лента қию рәсімі өткен соң, облыс басшысы бастаған қонақтар жаңа ғимараттың ішін аралап, танысып шықты
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі